eSIM пакеттерінің мобильді трафик көлемі мен жарамдылық мерзімі қалай анықталады?

Airalo бүкіл әлемнің 200-ден астам елдер мен аймақтарында қолжетімді eSIM пакеттерін ұсынады – олардың әрқайсысында нақты бір уақыт ішінде пайдалануға болатын мобильді трафиктің белгіленген мөлшері бар. Discover+ халықаралық eSIM карталары сияқты біздің кейбір пакеттерімізге қоңыраулар мен хабарламалар кіреді.

Пакетті пайдалануға болатын уақыт оның жарамдылық мерзімі деп аталады. Деректерді пайдалану және олардың жарамдылық мерзімі туралы толығырақ келесі жиі қойылатын сұрақтарға берген жауаптарымыздан біле аласыз.

Жарамдылық мерзімі қашан басталады?

eSIM пакетінің жарамдылық мерзімі келесілердің бірі орын алғанда басталады:

  • Оның қызмет ету аймағында қолдау көрсетілетін желіге қосылған кезде
  • eSIM картаңызды орнатқан кезде

Airalo ұсынатын eSIM карталарының көбісінде жарамдылық мерзімі eSIM тиісті желіге қосылғанда басталады. Пакетіңіздің жарамдылық саясатын тексеріңіз — бұл eSIM картасын орнату жоспары бойынша көмектеседі.

Келесілерді жасау арқылы жарамдылық саясатын тексеруге болады:

  1. Тиісті eSIM картасы үшін eSIM карталарым > МӘЛІМЕТТЕР бөліміне өтіңіз.
  2. КӨБІРЕК түймесін түртіңіз немесе басыңыз.
  3. «ЖАРАМДЫЛЫҚ САЯСАТЫ» құжатынан тиісті ақпаратты тауып алыңыз.

eSIM деректері жарамдылық мерзімі кезінде қалай үлестіріледі?

eSIM картасындағы мобильді трафикті жалпы жарамдылық мерзімі бойынша пайдаланылады — олар күнделікті үлестірілмейді.

Мысалы, 1 ГБ - 7 күн eSIM пакетін сатып алсаңыз, жалпы 7 күнге 1 ГБ беріледі (тәулігіне 1 ГБ дерек емес).

Мобильді трафикті жарамдылық мерзімінің алғашқы күні пайдалануға бола ма?

Иә, пакетіңіздің мобильді трафигінің барлығы алғашқы күні немесе жарамдылық мерзімінің кез келген күні пайдалануға болады. Мобильді трафиктің барлығын жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жаратып тастаймын деген күдігіңіз болса, eSIM картасы үшін теңгерімді толтыру пакетін сатып алуыңызға болады.

Мобильді деректері шексіз eSIM пакетін пайдалансаңыз, осы жарамдылық мерзімінде мобильді трафик бітпейді. Дегенмен белгілі нақты мобильді трафик көлемінен көп пайдаланатын күндерде қосылым жылдамдығы төмен болуы мүмкін. Бұл трафик көлемі тиісті eSIM картасының қосымша ақпарат бөлімінде көрсетілген.

Мобильді трафик мерзімінен бұрын бітіп қалмасы үшін оларды қалай реттеуге болады?

eSIM пакеттерінің көбісінде трафиктің пайдаланылуын Airalo қолданбасындағы немесе Airalo виджетіндегі (тек iOS) «eSIM карталарым» тармағына өтіп, бақылауға болады. Сонымен қатар eSIM пакетіндегі трафик көлемі 25% және 10% болғанда, трафиктің азайғандығы жөнінде хабарландыру аласыз.

Трафик тым көп жаратылмасы үшін көп трафик тұтынатын әрекеттерді немесе қолданбаларды шектеңіз.

Жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін мобильді трафик бітіп қалса не болады?

Мобильді трафик жарамдылық мерзіміне дейін аяқталса, теңгерімді толтыру пакетін сатып алуға болады. Бұлай істеу үшін тиісті eSIM картасы үшін eSIM карталарым > ТОЛТЫРУ бөліміне өтіңіз.

Деректер пакетінің жарамдылық мерзімін ұзартуға бола ма?

Жоқ, мобильді трафик пакетінің мерзімін ұзарту мүмкін емес.

If you have any remaining questions or need further assistance, our support team is available 24/7 — we’re always happy to help.

Ұқсас сұрақтар

Басқа тақырыптар

© 2021, Airalo
  • x