eSIM нұсқаулықтарын қалай кейінге сақтауға болады?

Сіз eSIM картаңызды қонудан бұрын немесе одан кейін орната аласыз. eSIM орнатудың оңтайлы уақыты белсендіру ережесіне байланысты. eSIM белсендіру саясаты туралы қосымша ақпаратты "eSIM картасын қашан орнатуға болады?" бөлімін қараңыз. .

eSIM картасын орнатқаннан кейін, оны трафикті пайдалану нұсқаулығы бойынша реттеу қажет («eSIM картам > Толығырақ > eSIM орнату / деректерге қатынасу»).

Баптауды кейінге қалдырған болсаңыз, қолыңызда трафикті пайдалану (қатынасу) бойынша нұқсаулық болуы керек. Оны мобильді құрылғыға сақтауға болады:

Жергілікті және аймақтық eSIM

  1. eSIM картам қойындысына өтіп Толығырақ түймесін басыңыз.
  2. eSIM орнату / деректерге қатынасу тармағын басыңыз.
  3. Жоғарғы оң жақтағы үш нүктеге басыңыз.
  4. Скриншотты сақтау опциясын таңдаңыз.

Халық аралық eSIM карталары

  1. eSIM картам қойындысына өтіп Толығырақ түймесін басыңыз.
  2. eSIM орнату / деректерге қатынасу тармағын басыңыз.
  3. Жоғарғы оң жақтағы үш нүктеге басыңыз.
  4. Скриншотты сақтау опциясын таңдаңыз.
  5. Баптауларды сақтау үшін бара жатқан келесі елді таңдаңыз.*
* APN баптаулары елге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондықтан қажетті ел үшін трафикке қатынасу нұсқаулығын сақтау үшін дұрыс елді таңдау керек.

Келешекте пайдалану үшін трафикті орнату және оған қатынасу нұқсаулықтары құрылғыға сақталатын болады. Оның көмегімен баптауларды орындап, сатып алынған eSIM картасын пайдалануды бастай аласыз.

Сұрақтарыңыз болса, қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.  

Ұқсас сұрақтар

Басқа тақырыптар

© 2021, Airalo
  • x