Кейбір елдерде жергілікті SIM картасын немесе eSIM пайдалану үшін жеке басыңызға қатысты ақпаратты растау қажет. Мұндай жағдайларда eSIM сатып алу үшін, «Өз клиентіңді біл» (eKYC) электрондық тексеру процедурасынан өту қажет.
eKYC деген не?
eKYC процедурасы — бұл электрондық құралдардың көмегімен жеке басыңызды растайтын жеке басты аутентификациялау процесі. Ол үшін төлқұжат секілді құжатты жүктеуп салу керек. Сондай-ақ мекенжайды көрсету қажет болуы мүмкін.
Қай жағдайда жеке басымды растау қажет?
Егер eSIM жеке басты растауды талап етсе, оны тиісті процедурадан өткеннен кейін ғана сатып алуға болады. САТЫП АЛУ түймесінің орнына ЖЕКЕ БАСТЫ РАСТАУ түймесін көресіз.
eKYC тексеруін кім жүргізеді?
Жеке басыңызды растау үшін, Airalo үшінші тараптық Jumio қызметін пайдаланады. You can learn more about the verification process on the Jumio website.
eSIM сатып алу үшін жеке басыңызды қалай растауға болады?
Жеке басыңызды растау үшін, қажетті eSIM-ге өтіп, келесі әрекеттерді орындаңыз:
- САТЫП АЛУ түймесін басыңыз.
- ЖЕКЕ БАСТЫ РАСТАУ түймесін басыңыз.
- eKYC тексеруіне қатысты нұсқаулықпен танысып, қажетті құжаттар мен ақпаратты дайындаңыз.
- eKYC ТЕКСЕРУІН БАСТАУ түймесін басыңыз.
- Қажет болса, мекенжайыңызды көрсетіп, ЖАЛҒАСТЫРУ түймесін басыңыз.
Жеке басыңызды растау үшін Jumio веб-сайтына өтесіз. Барлық қажетті әрекеттерді орындағаннан кейін, құжаттардың тексерілуін күту керек.
Құжаттардың тексерілгенін қалай білуге болады?
We’ll send a notification to let you know if your documents are verified. If your documents are accepted, you can continue with your purchase. Егер сіздің құжаттарыңыз қабылданбаса, қайта тексеруден өтуге тура келеді.
Сұрақтар туындаса немесе анықтама алу қажет болса, бізге хабарласыңыз. Қолдау көрсету тобымыз тәулік бойы жұмыс істейді және әрдайым көмектесуге дайын.