Пресс-релиз: Airalo В сериясындағы қаржыландыру кезеңінде 60 миллион АҚШ долларын жинады

Airalo cofounders

ДЕЛАВЭР, АҚШ — Airalo, глобалдық қосылымда революциялық өзгерістер енгізіп жатқан ізашар eSIM карталарының маркетплейсі бүгін В сериясындағы қаржыландыру раундын сәтті аяқтап, 60 миллион АҚШ долларын құрайтын әсерлі соманы жинағаны туралы хабарлады. e& capital (e& компаниясының инвестициялық филиалы) деген глобалдық технологиялық топ өткізген бұл іс-шара Airalo компаниясының жалпы қаржыландыруын 67,3 миллион АҚШ долларына жеткізді. Antler Elevate, Liberty Global, Orange, T.Capital, Rakuten Capital, Singtel Innov8, Telefónica Ventures, Sequoia Capital India және SEA-дің (қазір Peak XV Partners ретінде белгілі) Surge, KPN Ventures және I2BF Global Ventures компаниялары да қатысқан инвесторлардың беделді тобының қатарында болды. Инвесторлардың осынша алуан түрлі болуы Airalo компаниясының сапарға шығатын адамдарға халықаралық байланысты әлем бойынша барынша қолжетімді етуге бағытталған жұмыстарын сала мамандары мойындайтынын көрсетеді.

Бұл елеулі капитал салымы Airalo компаниясының өсу жоспарларын, соның ішінде оның миллиондаған пайдаланушыдан тұратын жарқын қауымдастығын кеңейтуді, оның глобалдық командасын күшейтуді әрі «Airalo Partners» деген дүние жүзіндегі компаниялар мен ұйымдарға бейімделген инновациялық шешімді ендіруді қолдайды. Заманауи технология мен пайдаланушыларға фокусталған тәсілдемені біріктірген Airalo компаниясы саяхатшыларға мобильді желілерге мәселелерсіз қатынасу мүмкіндігін беруді, олардың саяхаттарын ұмытылмас тәжірибелерге трансформациялауды жалғастыруда.

Тең құрылтайшылар Авраам Бурак және Бахадыр Бурак компанияның ілгерілеуіне және оның өсіп жатқан инвесторлар желісінің тұрақты қолдауына деген ризашылығын білдірді. Олар былай деді: «Өткен жылдарда Airalo компаниясы дүние жүзінде өте арзан және қолжетімді қосылымды қамтамасыз ету арқылы миллиондаған саяхатшылардың ауыр мәселелерін жеңілдетті және тәжірибесін жақсартты. Бұл инвесторлардың жаңа консорциумы дүние жүзіндегі лездік қосылым шлюзін жасау квестімізді одан әрі жалғастыруымызға мүмкіндік береді».

2019 жылы негізі қаланғаннан бері Airalo компаниясы глобалдық қосылымды демократияландыру, оны дүние жүзіндегі саяхатшыларға қолжетімді және арзан ету миссиясынан ауытқымады. Әлемнің ең үлкен eSIM карталарының платформасы ретінде белгілі Airalo маркетплейсі пайдаланушыларға eSIM (сандық SIM) бумаларына ыңғайлы қатынасу мүмкіндігін береді, осылайша оларға дүние жүзіндегі жүздеген жерлерде мобильді желілерге мәселелерсіз қосылуға мүмкіндік береді.

200-ден астам елді және аймақты қамтитын қамту аймағы арқылы Airalo компаниясының ерекше қызметтері дүние жүзіндегі миллиондаған пайдаланушылардың сенімін ақтады. Компанияның қашықтан жұмыс істеу әдісіне басты назар аударуы оны алты контитенттің 44 елінің 250 кәсіби маманынан тұратын алуан түрлі талантты команданың пайда болуына себепші етті. Бұл арнайы команда дүние жүзіндегі компаниялармен және ұйымдармен күшті өзара әрекеттесулерді дамытатын глобалдық серіктестіктер тобын қамтиды. Airalo веб-сайты және қолданбасы 22 тілде қолжетімді, кеңею жоспарында жақын арада 53 тілдегі қолдауды ұсыну көзделген. Бұл оның дүние жүзінде қабылданып жатқанының дәлелі болып табылады. Airalo қолданбасы қазіргі уақытта App Sotre дүкенінде 4.7 деген және Google Play Store дүкенінде 4.6 деген керемет рейтингін әрі бірнеше елдегі мобильді қолданбалар дүкендерінде 1 нөмірлі саяхаттық қолданба екендігін мақтан тұтады. Бұл оның пайдаланушыларының қанағаттануын одан әрі растайды.

Сәтті қаржыландыру раундынан кейін e& capital компаниясы Airalo компаниясымен күштеірн біріктіруге деген энтузиазмын бөлісті. «Біз Airalo үшін В сериясындағы қаржыландыру раундын өткізгенімізге қуаныштымыз. Бұл компания ерекше тұтынушылар тәжірибесін қамтамасыз етуге фокусталу арқылы соңғы 18 айда ұзақ жолдан өтті. Біз Airalo компаниясының пайдаланушылар қауымдастығын кеңейтіп, нарыққа жаңа Airalo Partners өнімін, яғни әлем бойынша ұйымдар мен мекемелер үшін мобильді желілерге қосылуға мүмкіндік беретін революциялық шешімін шығара алатынына күмәніміз жоқ. Біз Airalo компаниясында саяхаттағы негізгі қажеттілікке айналу әлеуеті бар екеніне сенеміз және олардың дүние жүзіндегі лездік қосылымның теңдессіз шлюзіне айналуға қарай саяхатында оларды қуана қолдаймыз», - деді Кушал Шах, e& capital компаниясының басқарушы директоры.

Airalo компаниясының керемет өсу траекториясы және саяхат тәжірибесін трансформациялауға деген ауытқымайтын талпынысы оны ізашар және саяхаттағы негізгі қажеттілік позициясына әкелді. Жаңа капитал салымы және стратегиялық серіктестіктер арқылы Airalo компаниясы өзінің кеңеюін тездетуге, дүние жүзіндегі саяхатшылардың қайда болса да мәселелерсіз байланыста болуын қамтамасыз етуге дайын.

БАҚ сұраулары болса, мына мекенжайға хабарласыңыз: [email protected]

Airalo туралы

2019 жылы Бахадыр Оздемир және Авраам Бурак негізін қалаған Airalo компаниясы дүние жүзіндегі алғашқы және ең үлкен eSIM карталарының маркетплейсі болып табылады. Бұл платформа 200-ден астам елде және аймақта eSIM бумаларын ұсынады және саяхатшыларға барған жерлерінде мобильді желілерге лезде қосылуға мүмкіндік береді. Миллиондаған пайдаланушыары және 44 елді қамтитын глобалдық командасы арқылы Airalo лобалдық қосылымға революциялық өзгерістер енгізуде және дүние жүзіндегі саяхатшыларға мүмкіндіктер беруде. 

Airalo туралы қосымша мәліметтер алу үшін мына веб-сайтқа кіріңіз: www.airalo.com.

e& capital туралы

e& capital — e& компаниясының инвестициялық тармағы. Ол жақсырақ және жарқынырақ сандық болашақты жасайтын идеялар мен адамдарға инвестициялайды. Ол көреген технологиялық компанияларды қолдайды, олардың өсуіне көмектеседі және осы әлемді алға жылжытатын мағыналы ілгерілеуіне мүмкіндік береді.

e& capital жақсырақ нәрсе бар екеніне сенетіндіктен статус-квоны бұзуға және барлығын өзгертуге батылдығы жететін стартаптарға инвестициялайды. Ол үлкен идеяларды ертеңгі күннің жетекші компанияларына айналдыру үшін батыл кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс істейді. 

e& capital туралы қосымша мәліметтер алу үшін мына веб-бетке кіріңіз: https://eand.com/en/capital.jsp


eSIM карталарын қолданып көруге және байланыста болу жолыңызды өзгертуге дайынсыз ба?

eSIMs картаңызды кез келген уақытта, кез келген жерде сатып алу, басқару және толықтыру үшін Airalo қолданбасын жүктеп алыңыз!

Airalo | Download mobile app
Airalo | Use your Free Credit

Тегін кредитіңізді пайдаланыңыз.

Сіз рефералдық кодыңызды достарыңызбен бөлісу арқылы USD $3.00 Airmoney ала аласыз.