«Деректерді үнемдеу» режимін қосу
iOS 13 және одан кейінге нұсқадағы iOS құрылғыларының пайдаланушылары мобильді трафик шығынын азайтатын «Деректерді үнемдеу» режимін қоса алады. Бұл режим ұйлы байланыс және Wi-Fi үшін жұмыс істейді (шектеулерді бөлек-бөлек орнатуға болады).
«Деректерді үнемдеу» режимін қосу үшін, төмендегі нұсқауларды орындаңыз. Бұл режимнің баптаулары байланыс операторында басқа болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
- Баптаулар бөліміне өтіп, Ұялы байланыс тармағын басыңыз.
- Керекті SIM картасын басыңыз.
- Деректер параметрі түймесін басыңыз.
- Деректерді үнемдеу түймесін басыңыз.
Wi-Fi Assist және iCloud сақтық көшірмесін өшіру
«Wi-Fi көмекшісі» мен iCloud сақтық көшірмелеу функциялары әдепкі бойынша қосулы болуы мүмкін. Wi-Fi жылдамлығы төмен болғанда iOS құрылғысы Интернетке қосулы болғанын қаламасаңыз, «Wi-Fi көмекшісі» функциясын өшіруге болады. Сондай-ақ iCloud сақтық көшірмелеуді өшіру трафикті пайдалануды азайтуға көмектеседі.
- Баптаулар бөліміне өтіп, Ұялы байланыс тармағын басыңыз.
- Wi-Fi көмекшісі және iCloud сақтық көшірмесі функциясын тауып, өшіріңіз.
Сұрақтарыңыз болса, қолдау қызметіне хабарласыңыз — қуана-қуана көмектесеміз!