Автоматты ұзартулар деген не және олар қалай жұмыс істейді?

Автоматты ұзартулардың көмегімен Airalo компаниясы eSIM карасындағы мобильді трафик таусылып жатқанда, балансты автоматты түрде толтыру мүмкіндігін ұсынады. Автоматты ұзарту мүмкіндігі қазіргі уақытта Airalo ұсынатын eSIM карталарының көбісінде бар.

Сатып алынған пакетте автоматты ұзарту мүмкіндігі бар жоғын «eSIM карталарым > Деректер» тармағына өту арқылы тексеруге болады. Бар болса, автоматты ұзартуды қосуға болатын бөлімді көресіз. Болмаса желіде қалуыңыз үшін толтыру пакетін қолмен сатып алуыңыз керек.

Автоматты ұзартулар қалай жұмыс істейді?

Автоматты ұзартуларды қалаған уақтыңызда қоса және өшіре аласыз.

Қосылған кезде, ағымдағы уақытта пайдаланып жатқан eSIM пакетіңіздің мобильді трафигі бітіп жатқанда ол автоматты түрде жаңартылады. Бұл дегеніміз, егер сіз 1 ГБ - 7 күндік eSIM пакетін сатып алсаңыз, әр автоматты ұзарту 7 күнге жарамды 1 ГБ трафигін қамтитын болады.

  • Мобильді трафик 10% қалғанда, автоматты ұзарту сатып алынады.
  • Мобильді трафик аяқталғанда автоматты ұзарту іске қосылады.

Автоматты ұзарту функциясын пайдалану үшін eSIM картасын белсенді түрде пайдалануыңыз керек. eSIM трафигі аяқталса немесе пакеттің жарамдылық мерзімі аяқталса, автоматты ұзартуларды қосуға болмайды.

Автоматты ұзартуларды қалай қосуға болады?

eSIM картасын сатып алған соң, автоматты ұзартуларды келесі арқылы қосуға болады:

  1. Тиісті eSIM картасы үшін eSIM карталарым > МӘЛІМЕТТЕР бөліміне өтіңіз.
  2. АВТОМАТТЫ ҰЗАРТУЛАР бөліміне қарай айналдырыңыз.
  3. Ауыстырып-қосқышты ҚОС. күйіне қойыңыз.

Автоматты ұзартуларды өшіргіңіз келгенде, ауыстырып-қосқышты ӨШ. күйін көрсететіндей етіп өшіріңіз.

Жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін мобильді трафикті жеткілікті түрде пайдаланып үлгермесем не болады?

Мобильді трафик жеткілікті түрде пайдаланылмай тұрып жарамдылық мерзімі аяқталып кетсе, пакетіңіз автоматты түрде жаңартылмайды. Бұл жағдайда автоматты ұзартулар автоматты түрде өшеді.

Пакетімде қоңыраулар мен мәтіндік хабарлар бар болса ше?

Қоңыраулары мен мәтіндік хабарлары қамтылған пакетті пайдаланатын болсаңыз, мобильді трафик жеткілікті пайдланылғанда ғана автоматты түрде жаңартылады. Автоматты ұзарту пакеті қоңыраулар мен мәтіндік хабарларды да қамтитын болады.

Автоматты ұзартуға қалай қалай төлеуге болады?

Автоматты ұзартулар функциясын пайдалану үшін картаңызды сақтауыңыз керек. Airmoney, Apple Pay және PayPal автоматты ұзартулар үшін пайдаланыла алмайтынын ескеріңіз.

Сақталған карта мерзімі аяқталайын деп жатса, байланыста қала алуыңыз үшін сізге картаны жаңарту туралы хабарландыру жібереміз.

Автоматты ұзарту төлемі өңделе алмаса, пакетіңіздің мерзімі ұзартылмайды және сізден ақы алынбайды.

Қосымша сұрақтарыңыз болса немесе көмек қажет болса, бізге хабарласыңыз. Қолдау көрсету тобымыз тәулік бойы жұмыс істейді және әрдайым көмектесуге дайын.

Ұқсас сұрақтар

Басқа тақырыптар

© 2021, Airalo
  • x