«Бұл код енді жарамсыз» қатесі пайда болып жатыр

Бұл қате хабары бұрын қосылған eSIM-ді қайта қосқыңыз келгенде немесе қосылым нашар болғандықтан QR коды жартылай сканерленген кезде пайда болады.

eSIM орнатылып-орнатылмағанын тексеру үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:

  • Баптауларға өтіңіз.
  • «Жалпы» бөліміне өтіңіз.
  • «Ақпарат» тармағын басып, төмен қарай айналдырыңыз.

eSIM орнатылып, қосылған болса, ICCID [НӨМІР] идентификаторын + қосымша цифрді («Ұялы тариф» тармағында eSIM нөмірі қосулы болса) көресіз.

eSIM жойылған болса, оны қайта орната алмайсыз!

eSIM алғаш рет орнатылып жатқан болса , бұл қате хабары нашар қосылымға, қосылған VPN желісіне немесе құрылғыда тым көп eSIM орнатылғанына байланысты болуы мүмкін.

eSIM орнату үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. VPN қосылымын ажыратыңыз.
  2. Интернет байланысының жақсы әрі тұрақты екенін тексеріңіз. 
  3. Қолданылмайтын барлық eSIM карталарын жойыңыз.
  4. Бағдарламалық жасақтаманы соңғы нұсқасына дейін жаңартыңыз. 
  5. eSIM картасын бұрын қолданған әдістен басқа әдіспен орнатып көріңіз.

Көмек керек болса, бізге хабарласыңыз. 

Ұқсас сұрақтар

Басқа тақырыптар

© 2021, Airalo
  • x